Түркістан облысы Қоғамдық Денсаулық сақтау Басқармасы мен Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ұйымдастыруымен қараша айының 9-10 жұлдызында Шымкент қаласында халықаралықдеңгейде «Пәнаралық неврология» атты конференция өтті. Конференция қазақстандық, ресейлік және шетелдік нейроғылым саласындағы білікті мамандар, оның ішінде Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Украина және Қазақстанның неврологтары, нейрогенетиктері және нейрофизиологтары қатысуымен атқарылды. Астана Медицина Университетінің 2 курс резиденттері Додай Абай, Оразбаева Инкар, Балабек Қарлығаш, Мамыт Гүлрайхан өз клиникалық жағдайларын конференцияда қорғады. Додай Абай жүлделі 1 орынға ие болса, қалған резиденттер сертификаттармен марапатталды.
- info@neuro-site.kz
- г. Астана, ул. Туркестан 2, офис 32
- ПН - ПТ 8:00-18:00
- +7 775 886 87 23